ей, өмір (tribute) lyrics

by

масло черного тмина (maslo chyornogo tmina)


[«ей, өмір (tribute)» әнінің тексті]

[Шумақ]
Дүниенің ағын да, қарасын да (Қарасын да)
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да (Аласың да)
Қарасымен шамаң жоқ таласуға (Таласуға)
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында (Арасында)
Желігесің, түсесің қара суға
Құйын қуған қаңбақтай аласұра (Ала—, ала—)
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында (Жағасында)
Бересім де жоқ оған, аласым да
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?

[Аутро]
Шаң шығарып ізінен құйындаған
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған (Сыйын маған)
Ей, өмір, сыйын маған
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған
(Сыйын маған, сыйын маған)
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z #
Copyright © 2012 - 2021 BeeLyrics.Net