Аққуым (My Swan) lyrics

by

Dimash Qudaibergen



Aqquym / My Swan Lyrics

[Verse 1]
Бақытыңды басқадан іздедің сен
Аяулым, асылым
Үмітімді өзіңнен үзбедім мен
Аңсадым, ғашығым!
Неліктен махаббаттың гүлі солды
Айтылды жүрек жыры соңғы
Қарамадың бұрылып
Менен мәңгі түңіліп
Кеткені ме
Пәк сезімдер суынып?

[Chorus]
Аққуым, аяулым, арманым
Арайлаған таңдарым
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...
Жанымды, әнімді арнадым
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!

[Verse 2]
Тағдырдың жазуына бар ма шара
Қош, менің - қымбаттым
Жүрегіңде жалын от қалмаса да
Соңғы рет тіл қаттым
Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай
Жүре алмаспын есіме алмай
Қатар ұшқан сыңарым
Сөнді сезім - шырағым
Өзіңе арнап жазылған жыр-әнім
Бақытты бол!
[Chorus]
Аққуым, аяулым, арманым
Арайлаған таңдарым
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...
Жанымды, әнімді арнадым
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!

[Outro]
Аққуым, аяулым, арманым
Арайлаған таңдарым
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...
Жанымды, әнімді арнадым
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!

Бақытты бол...
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z #
Copyright © 2012 - 2021 BeeLyrics.Net