Tau Ishinde (In The Mountains) lyrics
by Dimash Qudaibergen
[Verse 1]
Мен келем тау ішінде түнделетіп
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп
[Pre-Chorus]
Ақ боз ат менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұңқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
[Chorus]
А-а-аy, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің
Қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Тәтті сөзің
Қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
[Verse 2]
Ән салдым есіп майда жаяулатып
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып
Толқындай мың құбылған әнімді естіп
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып
[Pre-Chorus]
Ақ боз атым қояндай
Еркелеп басар аяңдай
Тербеді даусым ауаны
Дыңылдап қалқып баяулай
[Chorus]
А-а-аy, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің
Қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Тәтті сөзің
Қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
[Outro]
Тәтті сөзің
Қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Тәтті сөзің
Қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің