Өмір Өтер | Ómіr óter | Life wil pass lyrics

by

Dimash Qudaibergen



Өлең мәтіні
Өмір өтер
Балалық балғын тәттінің
Бақытқа толы шақтары
Амалың қанша, қайтадан келмейді -
Көнбейді, тағдыр көнбейді

Бұл күн де қалар алыста
Қиял мен арман жарысқан
Бәрі де, бәрі, елеске айналар
Келгенде уақыт бойланар

Қайырмасы:
Өтеді-ай, өмір өтер
Өзендей ағып кетер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға

Өтеді-ай, өмір өтер
Дүние-ай, бәрі - бекер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға


Көңілді тұман басқанда
Басыңнан бақыт қашқанда
Жапанда жалғыз жабырқап қалғанда
Жанымды ұғар жан бар ма?
Жайнаған жастық шақтың да
Айналар бір көз сағымға
Қолда да қанша жүргенмен, соңында
Тағдырың тәңір қолыңда

Қайырмасы:
Өтеді-ай, өмір өтер
Өзендей ағып кетер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға

Өтеді-ай, өмір өтер
Дүние-ай бәрі бекер
Жұлдызың сөнбесін жалғанда
Қол жетпей тұрып асыл арманға


Óleń mátіnі
Ómіr óter
Balalyq balǵyn táttіnіń
Baqytqa toly shaqtary
Amalyń qansha, qaıtadan kelmeıdі -
Kónbeıdі, taǵdyr kónbeıdі

Bul kún de qalar alysta
Qııal men arman jarysqan
Bárі de, bárі, eleske aınalar
Kelgende ýaqyt boılanar
Qaıyrmasy:
Ótedі-aı, ómіr óter
Ózendeı aǵyp keter
Juldyzyń sónbesіn jalǵanda
Qol jetpeı turyp asyl armanǵa

Ótedі-aı, ómіr óter
Dúnıe-aı, bárі - beker
Juldyzyń sónbesіn jalǵanda
Qol jetpeı turyp asyl armanǵa


Kóńіldі tuman basqanda
Basyńnan baqyt qashqanda
Japanda jalǵyz jabyrqap qalǵanda
Janymdy uǵar jan bar ma?

Jaınaǵan jastyq shaqtyń da
Aınalar bіr kóz saǵymǵa
Qolda da qansha júrgenmen, sońynda
Taǵdyryń táńіr qolyńda

Qaıyrmasy:
Ótedі-aı, ómіr óter
Ózendeı aǵyp keter
Juldyzyń sónbesіn jalǵanda
Qol jetpeı turyp asyl armanǵa
Ótedі-aı, ómіr óter
Dúnıe-aı bárі beker
Juldyzyń sónbesіn jalǵanda
Qol jetpeı turyp asyl armanǵa
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z #
Copyright © 2012 - 2021 BeeLyrics.Net