Belgisiz Jan lyrics

by

ORDA



[Шумақ 1]
Қимадым қоштасқанда жанарыңды
Мұң шалды-ау сол бiр сәтте қабағымды
Түбiнен жүрегiмнiң тулап шығып
Бiр өксiк жұлмалады тамағымды
Қарақат көздерiңе қарай бердiм
Қызығы сол ма дедiм дүниенiң
Күйдiрер көлеңкелi өзегiмдi
Махаббат неге сонша ыстық едiң!

[Қайырмасы]
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етiп, жоқ болдың ғой
Қас қағымда, қас қағымда
Жарқыраған, өзiңдi қалай табам?
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған?
Белгiсiз жан, мен аңсаған, белгiсiз жан

[Шумақ 2]
Бақтарды сен екеумiз аралаған
Ұзатып тастап кеттің неге маған?
Жыл құсы секілденіп жылай ұшқан
Жете алмай қала бердiм жаным саған
Сәулесi айдың түсiп, аймалаған
Көзiңдi қарағым-ау қайдан табам?
Сүйгеннiң сүйiктiсi болатындай
Бақытқа ие болар қандай адам?
[Қайырмасы]
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етiп жоқ болдың ғой
Қасқағымда, қасқағымда
Жарқыраған өзiңдi қалай табам?
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған
Белгiсiз жан, мен аңсаған, белгiсiз жан. (2х)
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z #
Copyright © 2012 - 2021 BeeLyrics.Net