Күндер-ай (Oh, days) lyrics

by

Батырхан Шукенов (Batyrkhan Shukenov)


Жағатын жұлдыздарын қайран күндер-ай
Өмірдің қызығына тойған күндер-ай!
Жүректе сағыныш боп, ахау, сақталған
Айналайын, ахау, сайран күндер-ай!

Болады тіршілікте көңіл әрқалай
Адамды жетелейді сенім алдамай!
Бақыттың қанатында, ахау, тербелген
Айналайын, ахау, серік арман-ай!
Бақыттың қанатында, ахау, тербелген
Айналайын, ахау, серік арман-ай!

Қалды ғой өткен күнмен әніміз талай
Жабырқап жүдемесін жанымыз қалай?
Көңілде күлімдеген, ахау, аяулым
Айналайын, ахау, сағыныштар-ай!
Көңілде күлімдеген, ахау, аяулым
Айналайын, ахау, сағыныштар-ай!

Әркімнің келер күнге сенімі әрқалай
Жүректе қимас күннің көбі қалмады-ай
Шырындай шаттығыңды, ахау, ағайын
Абайсызда, ахау, төгіп алмағай!

Шырындай шаттығыңды, ахау, ағайын
Абайсызда, ахау, төгіп алмағай!
Шырындай шаттығыңды, ахау, ағайын
Абайсызда, ахау, төгіп алмағай!
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z #
Copyright © 2012 - 2021 BeeLyrics.Net