Аялаған арман-ай (Oh, tender dream) lyrics

by

Батырхан Шукенов (Batyrkhan Shukenov)


Аяла сағынышымдай боп
Өзің аңсар әнім
Көріскенше, жаным
Жүрегімде жалын-ай!

Аяла қуанышымдай боп
Мәңгі аңсағаным
Өзің таң самалым
Сен деп ән саламын-ай!

Ахау, күлімдеген таңдар-ай!
Ахау, жүрілмеген жолдар-ай!
Өмір – өшпес сағыныш
Көңіл деген әрқалай
Армандар-ай, армандар!

Мәңгілік махаббатымдай боп
Жеткіз алыстардан
Жауындардан қалмай
Дауылдардан қорғап-ай!

Ахау, күлімдеген таңдар-ай!
Ахау, жүрілмеген жолдар-ай!
Өмір – өшпес сағыныш
Көңіл деген әрқалай
Армандар-ай, армандар!
Ахау, күлімдеген таңдар-ай!
Ахау, жүрілмеген жолдар-ай!

Таң күліп, бата алатындай боп
Бұзылмасын тойлар
Сызылмасын ойлар
Үзілмейтін арман-ай!
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z #
Copyright © 2012 - 2021 BeeLyrics.Net