Көмектес (Kömektes) lyrics
by Qarakesek
[Chorus]
Жүгіріп барамын, ентігіп қаламын
Құласам, көмектеседі жүрегі анамның
Жүрегі анамның, иісі баламның
Бізге жәрдем ет, Иесі ғаламның
[Verse]
Жер бетін езіп, ары-бері кезіп тастағам
Қалмаған шығар жер мен қате баспаған
Жүрген жерлерімнің бәрі ылғи тас-талқан
Сол үшін тура жолды сұрап жүрмін аспаннан
Көмектес бізге, бізді жарылқашы
Көмектес, айналам — толған алқаш
Есі дұрыс ешкім жоқ секілді, түсінбейді
Әлде түсіндіре алмадым, түсінбейм
Ми қатады, (ми қатады )
Уақыт сұрақтарын пытырлатып миға атады
Ми жаралы, күй қаралы
Жүйкені қиратады
Аспан айтты:
Күн-түн өтеді аңғармай, бәрі бітеді дым қалмай
Дымсыз келдім, дымсыз кетем, дым да алмайм
Тағы да сыбырладым аспанның ар жағына дымым қалмай
Қалмайды деп үміттенем сыбырым тыңдалмай
[Chorus]
Жүгіріп барамын, ентігіп қаламын
Құласам, көмектеседі жүрегі анамның
Жүрегі анамның, иісі баламның
Бізге жәрдем ет, Иесі ғаламның
[Verse]
Қараңғы ауылда, қараңғы үйде
Бір адам отыр қараңғы күйде
Бірдеңе қалап отыр үйіне
Бірдеңе қарап отыр, күйінеді
Ішіп, шегіп тауысып, сындырып тастады кесені
Ұмытып кетті әкені, ұмытып кетті шешені
Миы-миы-миы теңселді
Көтеріп еңсені қарауға халі жоқ, (жоқ-жоқ-жоқ)
Қара бала, қара ауыл, қара жұмыс, қара жол
Алаңдама, аяққа тұрып кетем әлі
Қыстан кейін құстар салады көктем әнін
(Жүрегіңе құй)
Көршінің иті маған үреді, менікі оған үреді
Біздерді сақтап қалшы, О, Құдірет!
[Chorus]
Жүгіріп барамын, ентігіп қаламын
Құласам, көмектеседі жүрегі анамның
Жүрегі анамның, иісі баламның
Бізге жәрдем ет, Иесі ғаламның
[Outro]
Жүгіріп барамын, ентігіп қаламын
Құласам, көмектеседі жүрегі анамның
Жүрегі анамның, иісі баламның
Бізге жәрдем ет, Иесі ғаламның
Әмин!
Жүгіріп барамын
Жүгіріп барамын!