Бақытыңды табасың (You will find your happiness) lyrics
by Қазыбек Құрайыш (Kazybek Kuraiysh)
[«Бақытыңды табасың» әнінің тексті]
[Шумақ 1]
Екенсің қазір қайда білмедім
Есімде сенің тек бір күлгенің
Бейтаныс менің танысым
Жақыным менен алысым
Өткен күн қателікке саналып
Кеткендей екеумізден балалық
Тек енді жаным түңілме
Себебі сірә түбінде
[Қайырма]
Бақытыңды табасың
Жүрегіңнің жарасын
Әлі де емдеп аласың
Емдеп аласың
Бақытыңды табасың қуаныштан ғана шын
Күлетін өзің боласың әлі қарашы
[Шумақ 2]
Келемін жасап келісім
Жүрегімменен сен үшін
Бақыт тап өзге деу үшін
Ұрысып кейде табысқан
Жандармыз сезіммен
Қаншама алысқан
Куә ғой бәріне көк аспан
Қош деймін өзіңе алыстан
[Қайырма]
Бақытыңды табасың
Жүрегіңнің жарасын
Әлі де емдеп аласың
Емдеп аласың
Бақытыңды табасың қуаныштан ғана шын
Күлетін өзің боласың
Күлетін өзің боласың
[Ойнау]
[Қайырма]
Бақытыңды табасың
Жүрегіңнің жарасын
Әлі де емдеп аласың
Емдеп аласың
Бақытыңды табасың қуаныштан ғана шын
Күлетін өзің боласың
Әлі қарашы
[Аутро]
Әлі қарашы